Қаулы бойынша, шетелден келген ҚР азаматтары және ел аумағында тұруға ықтиярхаты бар адамдарда COVID-19-ға қарсы вакцинация алғаны туралы құжат болуы керек. Ол болмаған жағдайда 3 тәулік карантиндік стационарға оқшауланады. Стационарда олардан ПТР-тест алынады.
Тесті теріс нәтиже көрсеткен адамдар тиісті қолхат толтырады. COVID-19-дың ықтимал симптомдары туралы түсіндіріледі.
Ал тест оң нәтиже көрсеткен адамдар инфекциялық стационарға емдеуге жатқызылады.